Асқар Ұзабаев «Қазақ батырлары» тарихи хикаясын түсіріп жатыр
Отандық режиссер әрі продюсер Асқар Ұзабаев демалыс пен тыныштықты білмейтін жандардың бірі. Кинематографшының «NinetyOne» фильмі үлкен экранға шыққаны сол-ақ еді, ол «Қазақ батырлары» атты жаңа жобаның түсіріліміне кірісіп кетті.
«Қазақ батырлары» - «Хабар» агенттігімен түсіріліп жатқан көпсериялы фильм, оның үстіне қазақ телевизиясы тарихындағы бюджетті жобалардың бірі болып табылады. Хикаядағы негізгі оқиға XVI ғасырда өрбиді. Фильмнің басты кейіпкерлері – еліміз бен жерімізді қорғаған әйгілі қазақ батырлары. Көрермендер қызықты әрі әсерлі тарихи киноның куәсі болмақ», - дейді хикая туралы Асқар Ұзабаев.
Хикаядағы негізгі кейіпкерлер - Қарасай, Ағынтай және Таймас атты үш батыр, оларды Назар Шерхан, Әшім Ахметов және Жандос Айбасов сомдайды.
Суреттер Асқар Ұзабаевтың жеке Instagram парақшасынан алынды
Еске сала кетсек, Айбасов Ұзабаев пен оның тобымен бірінші рет жұмыс істеп отырған жоқ. Актер 2014 жылы «Жол. Боксшы жолы» фильмінің екінші режиссері атанып, «Сүйе білсең» хикаясына түскен болатын.
Айта кету керек, Асқар Ұзабаев үшін «Қазақ батырлары» - алғашқы тарихи картинасы. Режиссер бұрын комедиялық фильмдерді, драмалар мен мелодрамаларды және өмірбаяндық фильмдерді түсіріп жүрген.
Көпсериялы таспаның түсірілімі Алматы облысында орналасқан Кеген ауылының маңында өтіп жатыр.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін