Ермек Тұрсыновтың авторлық кеші
Алматыда 14 маусымдақазақстандық режиссер, әрі жазушы Ермек Турсыновтың авторлық кеші өтеді. Кеш барысында кинодраматург өзінің «Мелочи жизни» атты кітабының бір тарауын оқып береді. Сондай-ақ ол тыңдармандарының сұрақтарына жауап беруге дайын.
Ермек Тұрсынов - Қазақстанның көрнекті кино қайраткерлерінің бірі, оның жұмыстарын шетелдік сыншылар жоғары бағалаған.Кинемотографқа келгенге дейін ол журналсит болып қызмет атқарды, «Мегаполис» газетінің бас редакторы, «Қазақстан» телеарнасының бас директоры, «31 арна» бас редакторы болды.

Ол режиссураға 2008 жылы «Келiн» картинасымен келді, бұл фильм Оскар жүлдесінен үміткер он фильмнің тізіміне енді. 2009 жылы сұлтан Бейбарысқа арналған «Мамлюк» фильмін түсірді. 2011 жылы «Шал» картинасын түсірді, бұл фильм Алматыдағы «Жыл таңдауы» байқауында «Жыл фильмі» атауына ие болды және «Киношок» фестивалінде бас жүлдені иеленді. Осыдан кейін «Кемпiр», «Кенже», «Жат» секілді фильмдері жарық көрді.
Салтанатты шара RIXOS қонақ үйінде кешкі 19:00-де. Кешке билетпен кіру керек. Билеттерді www.lectoriy.kz сайтынан және «Меломан» дүкендер желісінен алуға болады.
Әйгерім Қасқыр







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін