È

Аян Найзабеков «Толғау» қысқа метрін түсірді

Аян Найзабеков «Толғау» қысқа метрін түсірді

Астана режиссер Аян Найзабековтың «Толғау» қысқаметражды жаңа фильмінің дүниеге келуіне себепші театр атанды. Кинотаспа қоюшы-оператор Аян Базылбектің дипломдық жұмысы болып табылады.

Фильм сюжеті отбасылық қарым-қатынастың даналығын баяндайды. Картинадағы негізгі рөлдерді Алтынай Нөгербек, Жалғас Жанғазин, Бөпеш Жандаев, Ақарыс Әшімхан, Аяулым Мақұмова сомдайды.

«Біздің дайындығымыз ұзаққа созылды. Түсірілімге шілде айының соңынан бастап дайындалдық. Эскиздер дайындап, кастинг өткізіп, топ жинап, түсірілімге арналған локациялар іздедік. Фильмдегі барлық оқиға бір ғана бөлмеде өткендіктен, жеке пәтерде түсіруді жөн санадық. Бірақ, бірнеше қабырғалар жасап, пәтер жобасын өзгерттік, қабырғаларды басқа түске боядық. Нәтижесінде, фильмді 6 күннің ішінде түсіріп тастадық. Жалпы, жобамен 40 адам айналысты, бұл Қазақстандағы қысқаметражды студенттік кинодағы әдеттегі жағдай емес»,-деп бөлісті Найзабеков.

Режиссер Аян Найзабеков және актриса Алтынай Нөгербек

Режиссер «Толғау» жаңа жұмысын «Естелік» атты бұрынғы жобамен салыстырады. Картина түсірілім қазақ тілінде өтті. Фильмнің музыкалық әрлеуімен «Тұран» ансамблі айналысты.

«Отбасы – әлемдегі ең қиын институттардың бірі. Әке мен бала арасындағы мәселе тек Қазақстандаға ғана емес, бүкіл әлемде бар. Бұрын мен жанұялар туралы фильмдер түсіргенде «ақ-қара» кейіпкерлерді бейнелейтінмін, барлығы біржақты, яғни әкесі – қатал, анасы – ақкөңіл, кейіпкер – тым мінсіз болатын. Қазіргі таңда, актерлік құрамның күшімен және терең мағыналы сценарийдің арқасында кейіпкердің ешқайсысы жағымды немесе жағымсыз болмайды, барлығының кемшілігі бар, бір-бірін ренжітеді, кейде оған қылықтар тынытып, тым эмоционалды болып кетеді. Бұл нағыз отбасыларда болатын жағдай»,-деп қосты режиссер.

Айта кету керек, Аян Найзабеков Қазақ Ұлттық өнер университетінің (ҚазҰӨУ) магистранті, сондай-ақ Eurasia Spotlight – 2016 жүлдегері болып келеді. Найзабековтың «Әке» қысқа метрі 70-Канн кинофестивалінде көрсетілген болатын.

 

Суреттер: vosmerka.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер