È

«Қазақфильм» «Әміре» фильмінің қазақ тіліндегі трейлерін жарыққа шығарды

«Қазақфильм» «Әміре» фильмінің қазақ тіліндегі трейлерін жарыққа шығарды

Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Әлидар Өтемұратовтың «Dar Play» компаниясымен бірлесе түсірген «Әміре» фильмінің түсірілім жұмыстары өз мәресіне жетті. Түсірілім тобы көпшілікке картинаның қазақ тіліндегі трейлерін ұсынды.

Таспаның қоюшы-режиссері ретінде Джеф Веспа (Jeff Vespa) жұмыс істеді, ал операторы - Максим Осадчий («9 рота», «Сталинград»). Фильм сценарийін Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen) жазды.

Басты рөлдерге отандық танымал актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) пен Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) түсті. Сондай-ақ, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және «Түнек облысы», «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» фильмдері арқылы танылған америкалық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлар бой көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, «Әміре» көркем фильмі 1925 жылы Парижде өткен Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes бүкіләлемдік музыкалық байқауында Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен, қазақтың күміс көмей әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі жайлы баяндайды. Сондай-ақ, фильмде Әміре Қашаубаевтың джаз орындаушысы Джордж Гершвинмен достығы жайлы да айтылады.

«Әміре» фильмі қазақтың біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығы қарсаңында шыққалы отыр. Картина түсірілімі Латвия, Лос-Анджелес қалаларында және Алматы облысы, Үшқоңыр ауылының маңында өтті.

«Әміре» көркем фильмі 2018 жылдың 5 сәуірінде отандық айналымға қазақ және орыс тілдерінде шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер