È

Азамат Сатыбалды «Бір сен үшін» фильміне продюсер болды

Азамат Сатыбалды «Бір сен үшін» фильміне продюсер болды. Қазақстан киносы

Отандық актер Азамат Сатыбалды өзін бірінші рет продюсер ретінде сынап көрді. Оның дебютті жобасы - «Бір сен үшін» фильмі, 27 сәуірде тұсауы кесіледі. Продюсер туындысы жөнінде «Бродвей» кинопорталына айтып берді:

«Әлеуметтік мәселелерді зерттей келе, статистикаға сәйкес Қазақстан отбасылық ажырасу жағынан әлемдік рейтингте 17 орында тұрғанын білдім. Ажырасудың басты себептерінің бірі балалардың жоқтығы болып шықты. Көптеген жанұялар денсаулықтарына байланысты балалы бола алмай жатады. Соның салдарынан үміт пен сенім, махаббат пен төзім жоғалып, асығыс қадамға барады. Осы мәселе фильмнің негізгі арқауына айналды. «Бір сен үшін» - менің алғашқы продюсерлік жобам».

Дегенмен, кинотанушы продюсерлік етіп қана қоймай, актер ретінде басты кейіпкер Асқарды сомдап шықты.

«Менің кейіпкерім – табысты кәсіпкер және отбасының тірегі. Бірақ, отбасы бақытын толық сезінуге ұрпағының жоқтығы кдергі келтіреді. Тағдырдың сынағы мен қиындықтарға қарамастан, отбасын сақтап қалу үшін бар күшін жұмсайды. Бастысы сенім мен үміт екенін түсінеді. Яғни, оның оқиғасы махаббат, сенім мен үмітке құрылады»,-дейді актер.

Картинада өзге де негізгі кейіпкерлердің рөлдерін театр және кино актерлері Зарина Кәрмен, Еркебұлан Дайыров, Оразхан Кенебаев, Айжан Байзақова және т.б. ойнайды.

«Бір сен үшін» фильмінің түсірілімі өткен жылдың қараша айында басталып, бір айдан аса уақытқа созылған. Таспаны Алматы мен Алматы облыстарында түсірген.

Драманың қоюшы-режиссері - Ардак Толеубай, ол да үлкен киноға дебюттік қадам жасады. Түсірілімге 40 шақты тәжірибелі әрі дарынды мамандар жұмылдырылды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер