È

Әзиз Бейшеналиев пен әнші Ademi «Саз - махаббат» қысқаметражды фильмінде ойнады

Әзиз Бейшеналиев пен әнші Ademi «Саз - махаббат» қысқаметражды фильмінде ойнады. Қазақстан киносы

17 мамыр күні отандық режиссер Айгүл Ақсамбиеваның «Саз - махаббат» картинасының тұсаукесері өтеді. Оның қысқаметражды жаңа фильмі көрермендерге 90-жылдардағы Алматыны еске салады.

«Саз - махаббат» картинасы – бұл мүсінші Болат пен әнші әйелінің өмірін бейнелейтін фильм. Елімізде 90-жылдары қайта құрумен қатар аштық, экномикалық және мәдениет дағдарысы болған еді. Осындай нәубеттермен бірге кейіпкерлерге де шығармашылық тоқырау келеді. Өкінішке қарай, бұл жағдайды әнші қыз көтере алмайды. Сезімге ерік беріп, басқа еркектің құшағынан жылу іздейді. Дегенмен, ерлі-зайыптылардың махаббаттары мен ақылдары отбасын сақтап қалуға көмектеседі.

Драманың әнұраны ретінде «Барлығы өткінші, тек махаббат қана тұрақты» деген сөздер алынған.

Режиссердің айтуынша, 20 минуттық фильмде мәдениет дағдарысы кезінде шығармашылық интеллигенцияның сүйе білгендігі, қолынан келген дүниені жасай алғандығы көрсетіледі.

Негізгі кейіпкерлерді Әзиз Бейшеналиев, Динара Қайырова (әнші Ademi) және Ақылхан Алмасов сомдады.

Кинотаспаның түсірілімі сәуір айында Алматы қаласында өткен болатын. Фильм өндірісімен «TANBA» кинокомпаниясы айналысты.

«Саз - махаббат» қысқа метрі айналымға осы жазда шығады. Сондай-ақ, көрермендерге Kinopark кинотеатрлар желісі арқылы колжетімді болмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер