È

Азиз Жамбакиев: «Кино адамның санасына әсер ететінін естен шығармауымыз керек»

Азиз Жамбакиев: «Кино адамның санасына әсер ететінін естен шығармауымыз керек»

Қазазақстандық «Риэлтор», «Асланның сабақтары» секілді фильмдерімен жұмыс істеген кинооператор Азиз Жамбакиев жұмысы барысында ең басысы неге назар аударатынын айтты.

«Мен өз картиналарымда статиканы қолдануға тырысамын. Өйткені статика бір жағынан автордың ішкі дүниесін көрсетсе, екіншіден көрерменге тағы бір бақылаушы бар екенін сезіндіреді. Үшіншіден, статика кадрға салмақ бере түседі», - дейді Азиз Жамбакиев.

Маманның ойынша, кез келген операторлық әдіс фильмнің драматургиясына сай келуі тиіс.

«Әрбір әдіс өзін драматургиямен ақтауы керек. Кино адамның санасына әсер ететінін естен шығармаған жөн. Сондықтан үнемі көрсетілетін оқиғаның драматургиясын жетекшілікке алу керек», - дейді Азиз.

Кинооператордың айтуынша, көрерменнің өзін алдап жатыр ма, шындықты айтып жатыр ма, соны сездіретін ішкі рецепторы болады. Әрбір кадр барынша шынайы болғаны дұрыс.

Естеріңізге сала кетейік, Азиз Жамбакиев осы күзде режиссер Вадим Перельманның «Купи меня» фильмінің қоюшы-операторы болды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер