«Балалық шақ»: Балдәурен шақ қандай болады?
Дәулет Ешжанов «Балалық шақ» («Детство») фильмінде жасөспірім шақтағы мәселелерді көрсетуге тырысты. Режиссер өз фильмінің продюсері де, сценаристі де.мән
Өзінің жаңа туындысы жайлы Даулет Ешжанов Бродвей редакциясына әңгімелеп берді: «Бұл фильм ең ғажап, ең алаңсыз кезі туралы. Мен әр буынның балалық шағының ерекшелігін көрсеткім келді. Бүгінде әр өзінің телефонына үңіліп, айналасындағы құрбы-құрдастарына мән бермей өз беттерінше жүреді, өздеріне айтылған сынды көтере алмайды.Бұл шын мәнінде үлкен проблема. «Балалық шақ» картинасында мен өткен заман мен бүгінгі күнді салыстырдым, мұнда басты кейіпкерлер - әрқайсысы өз өмірімен жүрген қарапайым балалар».
Лента балалық шақ туралы болғандықтан актерлер де жас әртістер. Түсірілім Астана қаласында өтті. қазір монтаж жұмыстары жүріп жатыр.Режиссердің айтуынша ұзақтығы 1 сағаттай фильм жақында жарыққа шығып қалады.
Естеріңізге сала кетейік, Дуулет Ешжанов кинематографқа 2009 жылы «Тастанды» және «Өмiр жолы» фильмдерімен келді.Жалпы режиссердің қоржынында 10 картина бар, олардың арасында «Орман», «Саган бiр кадам», «Елестi үй» және басқалар. Кинемотографист негізінен қазақтілді аудиторияға арналған фильмдер түсіреді.
Әйгерім Қасқыр







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін