È

«Балкон» фильмінің сценарий авторымен шығармашылық кездесу

«Балкон» фильмінің сценарий авторымен шығармашылық кездесу

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнертану» факультеті «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 15-ақпан күні «Балкон» фильмінің көрсетілімі өтті. 1950 жылдардағы Алматы мен онда өсіп келе жатқан жасөспірімдердің өмірінен сыр шертетін режиссер Қалықбек Салықовтың бұл туындысы 1988 жылы «Қазақфильм» киностудиясында өндірілген. Арада қаншама уақыт өтсе де, көрермендердің жылы ықыласына бөленген «Балкон» фильміне бүгінгі жас ұрпақ та өзінің оң бағасын берді. Көрсетілім барысында фильмнің сценарий авторы, драматург, профессор Шахимарден Құсайынов фильмнің пайда болу тарихы жайлы: «Бірде белгілі архитектордың үйінде Олжас Сүлейменовпен бірге қонақта болдық. Осы отырыста айтқан сөзі қатты әсер етіп, өзімнің ерекше ықыласымды білдіргім келді. Сол сәтте күтпеген жерден ол кісінің шығармасы бойынша сценарий жазу ойы туындады», - деп айтты. Сонымен қатар, драматург фильмді түсіру барысында режиссермен өткен қызықты сәттерін де еске алып өтті.

«Кинотану» мен «Кинотеледраматургия» мамандандыруы бойынша білім алып жатқан студенттер фильмнің драматургиясы, кейіпкер жасаудағы автордың талпыныстарымен автордың сценарийде жүзеге асырғысы келген идеялары туралы сұрақтар қоя отырып, фильм тұрғысында өз пікірлерін де білдірді.

Көрсетілім соңында қазақ киносының қазіргі жайы сөз болып, студенттер заманауи тақырыпта түсірілген фильмдердің ұтымды тұстарына тоқталып өтті. 10-нан астам киносценарий мен пьесаларды тудырған автор өз шығармалары мен тәжірибелері негізінде «Драматург адам тағдырын, жанын, сезімін шынайылықпен жеткізгенде ғана жақсы шығарма туындайды. Өз өміріміздегі әрбір оқиға, айналамыздағы әрбір адам фильм сюжетіне арқау бола алуы мүмкін», - деген сөзімен жас мамандарға кеңес бере отырып, көрсетілімге қорытынды жасады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер