È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан киносы
  • Батыр Байназаров «Көзайым» телехикаясына түсті

Батыр Байназаров «Көзайым» телехикаясына түсті

  • 31 Наурыз, 2017
  • Мадина
  • 2 534
  • 0
Батыр Байназаров снялся в сериале «Көзайым»

«Ringo» тобының солисті, сазгер Батыр Байназаров отандық «Көзайым» телехикаясына түсіп, өзін жаңа актерлік қырынан танытты. Басты рөлді сомдаған әнші телекөрермендердің көңілінен шығып та үлгерді. Батыр кинодағы кейіпкері мен түсірілім жұмыстары және алғашқы актерлік тәжірибесі жайында «Бродвей» кинопорталына айтып берді.

«Басында мен хикаяның композиторы ретінде бекітілген едім. Алайда, картина продюсері Салтанат Қалиевамен кездесу барысында маған кастингке қатысып көру туралы ұсыныс түсті. Бала кезімнен актерлік салаға қызығушылығым болғандықтан, тәуекелге бел байлап кастингке қатыстым. Осылайша, екі апта өткен соң, мені қайтадан кездесуге шақырды. Бұл жолы хикаяның режиссерімен кездесіп, нәтижесінде бейнесынама жаздық. Осыдан кейін, мені Еркебұлан рөліне арнайы бекітті»,- деп сырымен бөлісті Батыр Байназаров.

Көпсериялы «Көзайым» фильміндегі оқиғалар желісі біздің бүгінгі күнімізден сыр шертеді. Басты кейіпкердің бірі Еркебұлан – дәулетті отбасында өскен, «жоқ» деген сөзді естіп көрмеген жігіт. Сондықтан сүйкімді Көзайым оның ұсынысынан бас тартқан кезде, қалайда өшін алмақ болады. Уақыт өте келе өшпенділік басқа сезімге ұласып, басты кейіпкерге қиын таңдау жасауға тура келеді.

«Кейіпкерім екеуіміздің арамызда ортақ нәрселер мүлдем аз. Біріншіден, сценарий бойынша Еркебұлан менен 10 жасқа кіші. Екіншіден, ол дәулетті отбасында туып-өскен, ақшасын оңды-солды шашатын жігіт. Ал мен қарапайым отбасында тәрбиелендім. Мінезіне қатысты айтар болсам, кейіпкерім әр хикая барысында жаңа қырынан танылып отырады. Түсірілім жұмыстары жеңіл өтті. Камера алдында жұмыс істеп үйренгенмін, бірақ мәтін жағынан біраз қиындықтар туындады. Өмірде күнделікті көп қолдана бермейтін сөздерді қарапайым тәсілмен жеткізу оңай болмады. Дегенмен, режиссерлардың кеңестерінің арқасында және түсірілім тобының қолдауымен өзіме жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындап шықтым деп ойлаймын»,- деп сөзін аяқтады актер.

Естеріңізге сала кетсек, «Көзайым» телехикаясы «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша «Bas dala group» шығармашылық бірлестігімен түсірілген болатын.

Батыр Байназаровтың актерлік шеберлігін жұмыс күндері кешкі сағат 21:35-те «Қазақстан» ұлттық арнасынан көріп, баға бере аласыздар.

 

  • 31 Наурыз, 2017
  • Мадина
  • 2 534
  • 0

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

31 наурыз 2017, 10:59

А вот мне кажется что музыкой заниматься у него лучше получается

Рекомендуем

Казахстанское кино

21 Тамыз, 2023

VIII BAIQONYR кинофестивалінің Ұлттық байқауының қазылар алқасы

VIII BAIQONYR

Brod.kz

Казахстанское кино

25 Мамыр, 2023

Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлікті рейдерлікпен басып алу туралы толықметражды «ГОК» фильмі толыққанды прокатқа шықты

В кинотеатрах с 25 мая

Brod.kz

Казахстанское кино

31 Тамыз, 2022

VII BAIQONYR ISFF қазылар алқасымен танысу

Ұлттық конкурс

Brod.kz

Казахстанское кино

21 Тамыз, 2023

VIII BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

VIII BAIQONYR

Brod.kz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама