È

Баян Алагөзова әйелдерге көрсетілген қысым жайлы фильмдер түсірмек

Баян Алагөзова әйелдерге көрсетілген қысым жайлы фильмдер түсірмек

Баян Алагөзова қор болған әйелдер жайлы әлеуметтік фильмдер түсіруді жоспарлауда. Продюсер әйелдердің құқығын қорғау қорын ашудан бас тартпағанын, әзірге қаржылай қолдау іздестіріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Tengrinews TV-дің «The Эфир» бағдарламасында айтып берді.

Баян Алагөзованың сөзінше, қордың жұмыс істеуі үшін жылына бір миллиард теңге жұмсалуы тиіс екен.

«Мен бұл идеядан бас тартқан жоқпын. Маған тек әйелдерді құтқару үшін жылына бір миллиард теңге қажет. Қоғамның назарын аударту мақсатында компаниямыз (Shine production. – ред.) шынайы оқиғалар негізінде 10 фильм түсіріп, YouTube-қа жариялайтын болады. Бізде телеарналардан «Оңбаған!», «Сен ақымақсың!» деген секілді диалогтары бар көріністерді көрсету әдетке айналған. Бірақ, шынайы өмірде олай емес. Шындығында ерлер әйелін шашынан сүйреп, қабырғаға ұрып, боқтық сөздер айтады. Әйелі еденге құлап қалса, оны ішінен тебетіндер де бар. Қанын ағызып тұрып, әрі қарай ұра беретіндерін қайтерсің?», - деді Баян.

Фильмдер түсірілімінің қашан басталатынын, қандай кейіпкерлердің ойнайтынын продюсер нақты айтқан жоқ.

Еске сала кетсек, Баян Мақсатқызы әйелдердің құқығын қорғау ұйымын ашу туралы 2017 жылы күзде хабарлаған болатын.

 

Превью: Баян Алагөзованың Instagram-дағы жеке парақшасынан

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Miras

17 наурыз 2018, 17:16

Это ,что она про себя снимать собралась. Дайте 1 миллиард в год мне и я буду реально помогать.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер