È

Баян Ерімбет YB Entertainment продюсерлік орталығын ашты

Баян Ерімбет YB Entertainment  продюсерлік орталығын ашты

Отандық кинопродюсер Баян Ерімбет («Свадьба на троих») продюсер Есболат Беделхан және режиссер Бота Ерімбетпен бірлесіп YB Entertainment продюсерлік орталық ашты. Компания кино және музыкалық жобалар өндірісімен айналысады.

«Есболат Беделханмен танысқаннан бері мен музыкалық индустрия саласы туралы кеңірек біле бастадым. Мұнда шығармашылыққа да орын бар, тамаша адамдар мен дарынды жастар өте көп. Есболат маған күш біріктіріп, сапалы жобалар жасауға ұсыныс жасағанда қуана қабыл алдым. Біздің бірлестігіміз: менің кинодағы прдюсерлігім, Есболаттың музыкалық продюсерлігі, Бота Ерімбеттің кинемотографиядағы тәжірибесінің арқасында сапалы өнімдер шығарамыз деп ойлаймын. Әриіне, негізінен киножобалар түсіру ойымызда бар. Биыл толықметражды картина түсірудң жоспарлап отырмыз. Режиссеры Бота.Біздің кәсіби мамандардан құралған тобымыз бар, олар шығармашылықпен өмір сүреді», - деді Баян Ерімбет.

Бүгінде YB Entertainment Q-pop бағытындағы бойз-бэнд Black Dial алғашқы музыкалық жобасын шығарды. Топ 5 адамнан құралған. Продюсердің айтуынша, шығармашылық топ мүшелері шетінен өз істерінің шебернлері, еңбекқор, жауапты.

«Біз тек дарынды адамдармен ғана емес, адамгершілік қасиеттері жоғары: шыншыл, мейірімді, мәдениетті адамдармен жұмыс істейміз. Біз топ құрамында жекелеген шығармашылық тұлғаларды тәрбиелеуге тырысамыз: біз олардан музыкалық атақты адам ғана тәрбиелеп қоймай, мәдениетке өз үлестерін қосуларына күш саламыз», - дейді продюсер.

Қазіргі таңда Black Dial тобының алғашқы музыкалық клипін түсіруге дайындық жүріп жатыр, релизі биылғы жылдың наурызына белгіленген.

YB Entertainment келесі музыкалық жобасы - бұл герлз-бэнд Benten.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер