Баян Есентаева: «Күлше қыздың оқиғасы әрдайым қызық»
Esentai production продюсерлік орталығы жаңа «Қазақ аруы» телесериалын әзірлеуде. Сұлулық байқауын экрандау идеясы қалай туды, неге таңдау актриса-дебютантқа түсті, бұл туралы жоба продюсері Баян Есентаева әңгімелеп берді.
«Сериалды түсіру идеясы күтпеген жағдайда пайда болды. Шығармашылық адамдарында мұндай жағдай жиі кездеседі: таңертең жаңа идеямен оянуы мүмкін. Менде «Қазақ аруы» байқауын экрандау идеясы туды. Біріншіден, Қазақстанда бұған дейін сұлулық индустриясы туралы тақырып көтерілген емес, екіншіден, Күлше қыздың оқиғасы қашан да қызық. Үшіншіден, сұлулық байқауына бұдан да жоғарырақ мәртебе неге бермеске», -дейді продюсер.
Басты рөл 16 жастағы Гүлзада Тұрлашқа бұйырды, бұо кинодағы алғашқы дебюті.

«Әрине, сұлулық байқауының кез келген жеңімпазын кейіпкер ретінде алуға болар еді. Айталық, Гүлназ Жоланованы немес Альмира Ахатованы. Алайда Esentai production үнемі жаңа есімдері ашумен аты шыққан. Мен актрисаның жас, биязы, тәрбиелі болғанын қаладым. », - дейді Баян Есентаева.
«Қазақ аруы» сериалы қай арнадан көрсетіледі, әзірге белгісіз, қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр.
естеріңізге сала кетейік, биыл Esentai production «Хабар» арнасының тапсырысымен көрермендерге «Өгей жүрек» сериалын ұсынды.
Фотолар Google іздеу жүйесінен алынды.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін