Баян Есентаева өзінің «Баян. Өзім туралы ғана емес» кітабының мұқабасын таныстырды
Продюсер әрі актриса Баян Есентаева «Баян. Өзім туралы ғана емес» атты өмірбаянға құрылған кітабының мұқабасын жариялады. Естеліктер кітабы биылғы жылдың шілде айында қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықпақ.
Баян Есентаева 2017 жылдың қаңтар айынан бастап кітап жазуға кіріскен еді. Продюсердің айтуынша, оған жеке өмірінде орын алған оқиғалар мен қоғам арасында өрбіп жүрген өсек-аяңдар түрткі болған.
Естеріңізге сала кетсек, продюсер өткен жолдары кітабының алғы сөзі мен бірнеше парақшаларын халыққа көрсеткен еді. Автор «Баян. Өзім туралы ғана емес» кітабының алғы сөзінде туынды арқылы өткен жылдарды зерделеуге талпынғандығын түсіндіре кетті.
Суретші Динара Өтелбаева
«Мен бұл кітапта болған жәйттің барлығын бүкпесіз баяндап берем (жалғыз ғана «цензор» - өміріме жақсы жақтан әсер еткен жандардың жүрегін жаралап алмау). Оқиға қалай өрбіді? Неге солай болды? Мені сынаудың алдында, мынаны есте сақтасаңыздар екен: менің өмірім – жалпы, қарапайым ғана адамның өмірі. Белгілі бір қызметте өз орнын таба білген, мансап қуған қарапайым әйелдің өмірі» (орфография мен пунктуация сақталды.-ред.ескертуі)
Есентаеваның кітабында суретші Динара Өтелбаева салған суреттер мен портреттер қолданылады.
«Бродвейге» берген сұхбатында туындыны экрандауға қатысты сұраққа Баян: «Көпшілігі кітап желісімен кино түсіруге ұсыныс білдірген болатын. Оның «хит» болатынын да айтты. Мен оларды жақсы түсінемін. Дегенмен, ол «төңкеріс» болса, менікі болсыншы... Әзірге, кітаптың қалай қабылданатынын көрейік»,-деп жауап берді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін