È

Баян Есентаева: «Мен негізі ашушаң адам емеспін»

Баян Есентаева: «Мен негізі ашушаң адам емеспін»

Баян Есентаеваның жеке өмірі қазір ешкімге құпия емес. Көпшілігі онымен бірге қайғырып, түсіністік танытуда, енді бірі оған ашулы. Мұны продюсердің жеке Instagram парақшасында отандастарымыздың тоқтамастан жазған пікірлеріне қарап байқауға болады. Есентаева Желідегі жағымсыз пікірлерге қалай қарайтынын «Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабының Астанада өткен тұсаукесерінде айтып берді.

«Негізі, мен ашушаң адам емеспін. Маған қатысты осындай таптаурынды көзқарастың неліктен қалыптасқанын білмеймін, біреуге дауыс көтеріп немесе біреуді ренжітіп, ауыр сөздер айтқаным есімде жоқ. Егер сондай адамды білсеңіздер, өтінемін, атын атаңыздаршы. Мен әрдайым өзімді тәртіпті, сабырлы ұстаймын. Өзім туралы жағымсыз пікірлердің болғанына жол бермеймін, әсіресе әлеуметтік желілердегі пікір жазушылардың арасында»,-деп бөлісті Баян.

Фото: Анар Бектасова

Еске сала кетсек, «Баян. Өзім жайлы ғана емес» естеліктер кітабында продюсер жеке өмірі жайында ашық айтып берген болатын. Белгілі болғандай, Баян Мақсатқызы ұзақ жылдар бойы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен ажыраса алмай жүрген. Былтырғы жылдың көктемінде, тұрмыстағы әйел кезінде кәсіпкер Тұрсен Алагөзовпен танысқан. Екеуінде махаббат оты тұтанады. Сол жылдың маусым айында трагедия орын алады: Есентаев продюсердің өміріне қастандық жасады, нәтижесінде Баян ауруханадан бірақ шығады. Соттың шешімі бойынша кінәлі Бақытбек 9 жылға түрмеге қамалды.

Сонымен қатар, Баян Есентаева қолжазбасының әлі де ұзақ сатып алынып, оқылатынын айтты. Дегенмен, ендігі жолы өзі туралы жазбайтынына және шыққан кітапты толықтырмайтынына уәде берді.

 

Превью: ratel.kz

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Ereke Ereke

8 қазан 2017, 12:33

ждем сериала... Козы Корпеш - Баян Сулу....!!

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер