Баян Мақсатқызы (Есентаева) отандық көрермендерді таң қалдыруға кірісті. Продюсер музыкалық фильмнің түсіріліміне дайындықты бастап кетті, туындының атауы әзірге құпия. Мюзиклдың өндірісімен Shine production продюсерлік орталығы айналысады, ал музыкалық жағын Бағым Мұхитденова өз қолына алмақ.