Баян Мақсатқызы жаңа фильм түсіруге дайындықты бастады
Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Мақсатқызы (Есентаева) жаңа толықметражды фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл жаңалықты ол өзінің Instagram парақшасына жариялады.
«менің келесі фильмімнің идеясы өте қызық болады», - делінген оның жазбасында.
Болашақ картинада қай жанрда, не уралы екені әзірге белгісіз.
Алайда бұған дейін продюсер «Алло» клмпінің сюжеті бойынша комедия түсіруге кірісетінін айтқан болатын. Фильмнің режиссеры Айгұл Аксимбаева («ВУЗеры», «Айжан») болу керек еді. Түсірілім осы жазда түсіріліп, күзде тұсаукесері шығатын болып жоспарланған.

«Алло» әнінің клипінен кадр
Баян Мақсатқызының бұрынғы жобалары: «Абайлаңыз, сиыр!», «Ғашық жүрек», «Ғашық жүрек 2». Сондай-ақ қазір «Хабар» телеарнасында Esentai production орталығы түсірген «Өгей журек» сериалы көрсетіліп жатыр.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін