È

Бен Аффлек әскери жобаны қолға алмақ

Бен Аффлек әскери жобаны қолға алмақ

Бен Аффлек режиссер ретінде «Қызыл жасақ» атты жаңа жобаны қолға алуды жоспарлап жүр. Фильм сарбаз Клинтон Ромешейдің «Red Platoon» естеліктерінің негізінде түсіріледі. Сарбаз 2009 жылы 3 қазанда Камдеш үшін соғысқан еді.

Дәл осы күні 300 адамнан құралған тәлібтер ауған-пәкістан шекарасына жақын жерде халықаралық коалиция күштеріне шабуыл жасаған болатын.

12 сағаттық әскери әрекеттердің нәтижесінде шабуыл тоқтатылды. Коалиция тарапынан 8 адам өлтіріліп, 22 адам жараланды.

Клинтон Ромешей АҚШ-тың ең жоғары марапаты – Құрмет медалімен марапатталды.

Фильмдегі басты рөлді Кейси Аффлек сомдауы мүмкін.

Соңғы рет 10 жыл бұрын Бен және Кейси Аффлек режиссер мен актер ретінде «Қош бол, балақай, қош бол» фильмімен жұмыс істеген болатын.

Қазір Бен Аффлек «Қызыл жасақ» фильмімен режиссер ретінде жұмыс істеу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер