È

Бүркіт: «Комедия – қиын жанрлардың бірі»

Бүркіт: «Комедия – қиын жанрлардың бірі»

Айбек Жансейітов (Бүркіт) «Тілек тіле» атты жаңа экшн-комедиясын таныстырды, бұл әншінің екінші режиссерлік жұмысы болып табылады.

Мәриям – қарапайым қыз, ол шалқып өмір сүруді армандайды және бастығын өзіне ғашық еткісі келеді. Алайда, қыздың жұмыстары сәтсіз болады, сондықтан оған көмекке періште келіп, армандарды орындайтын сиқырлы қалам ұсынады. Енді Мәриям бақыттың нағыз мәнін ұғыну үшін көптеген шытырман оқиғалардан өтуі тиіс.

Фильмдегі басты рөлді әнші Индира Еділбаева сомдап, кинода дебют жасады.

«Бұрын мен кастингтерге баратын едім, бірақ мені бекіткен жоқ. Бұл жолы маған хабарласып, осы рөлге алғандарын айтқанда, қатты таң қалдым. Түсірілімде қиындықтар болды, себебі бастапқыда жұмыстың көптігі жайлы ойламадым. Жалпы, жұмыс барысында актрисадан гөрі, өзімнің әнші екенімді түсіндім», - деп сырын ақтарды Индира Еділбаева.

«Тілек тіле» фильмінің тұсаукесері
«Тілек тіле» фильмінің тұсаукесері

Періштенің рөлі Асылбек Мұсабековке бұйырды: «Әр адам өз қателіктерінен сабақ алады. Бүркіт бірінші фильмде жасаған қателіктерінен қорытынды шығарып, бұл жолы комедияны жақсы түсірді деп ойлаймын», - деп қоса кетті Асылбек.

Сондай-ақ, фильмге Айым Сейтметова, Кентал (Талғат Кенжеболатов), Бауыржан Сатов, Төлепберген Байсақалов түсті.

Эпизодтық көріністерге Мейрамбек Беспаев, Баян Алагөзова, Бүркіт, Әбунасыр Серіков, Нұрлан Қоянбаев, Саят Исембаев, Аиша (Виктория Андреева) қатысты.

«Тілек тіле» фильмінің тұсаукесері
«Тілек тіле» фильмінің тұсаукесері

«Комедия - қиын жанрлардың бірі, бірақ барлығы жоспар бойынша орындалды. Жақында фильмнің тұсауы Астанада кесілді, көрермендерге картина ұнады, барлығы көңілді отырды», - деді режиссер.

Фильм сценарийін Азамат Айтжан мен Әуез Әуезов жазды.

«Тілек тіле» экшн-комедиясы ауқымды айналымға шықты және көрермендердің шынайы пікірлерін күтеді.

 

Превью: Айбек Жансейітовтің жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер