«Биле, Қазақстан!»
Отандық телеарна «Хабар» «Биле, Казакстан!» атты жаңа жобаға кірісті, бұл америкалық So You Think You Can Dance атты би шоуы.
Жоба туралы нақтырақ ақпаратпен «Хабар» арнасының бас продюсері Ринат Кертаев, Adam Media Group компанияының директоры Динара Адам, төрешілердің бірі актер әрі әнші Дастан Оразбеков, сондай-ақ жобаның көркемдік жетекшісі, Astana Opera театры балет труппасының жетекшісі Алтынай Асылмұратова бөлісті.
Ринат Кертаевтың айтуынша, арна басшылығы телекөрермендерге ұнайтын сәтті жоба шығару үшін ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізген. Сондай-ақ продюсер атап өткендей, жоба салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауға бағытталған.
_4zez.jpg)
So You Think You Can Dance - Американың танымал би шоуы, ол әлемнің 37 мемлекетінде таныстырылған.
Adam Media Group директоры Динара Адамның айтуынша, шоу арқылы әр қатысушы би әлемінің бір бөлшегіне айнала алады, осы ортадан өзіне дос табады.
Жоба бірнеше кезеңнен тұрады: негізгі кастинг, 23 шілдеде басталады. іріктеу кезеңі, осыдан кейін тек 20 қатысушы ғана қалады, ақтық мәре кезеңі, мұнда қатысушылар бірінші орынға таласады.
Қазылар алқасынының құрамына келесі адамдар кірді: Astana Opera театрының солисті Досжан Табылды, әнші, актер және биші Дастан Оразбеков және әзірге есімі құпия болып отырған ерекше қонақ. Қазақстандықтар шоуды эфирден күзде көре алады.
Жобаны bile.khabar.kz ресми сайтынан бақылап отыруға болады.
Әйгерім Қасқыр







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін