È

«Кәсіпкерлер» отандық айналымда көш бастап тұр

1-4 қараша аралығындағы кассалық жинақ

Өткен демалыс қазақстандықтарды тек әлем жаңалықтарымен ғана емес, сонымен қатар отандық тұсаукесерлермен қуантты. Көрермендер қай фильмдерге қызығушылық танытты? Оны кассалық жинақ* жайлы материалымыздан оқыңыздар.

Өткен демалыста режиссер Ақан Сатаевтың «Кәсіпкерлер» картинасы үздік атанды. Драма 138 000 000 теңге жинады. 500 мың теңге көлеміндегі бюджеті бар фильм Алматыда 35 күннің ішінде түсірілді. Басты рөлді «Сатира» мәскеу театрының актері Асқар Ілиясов сомдады.

«Богемдік рапсодия» фильмінен көрініс
«Богемдік рапсодия» фильмінен көрініс

Екінші орынға «Богемдік рапсодия» жайғасты, ол 129 446 000 теңге жинады. Фредди Меркьюри рөлін актер Рами Малек сомдады. Бұрын бұл орынға Бен Уишоу үміткер еді. Бірінші трейлер жарыққа шыққан соң, фильм сынға ұшырады, себебі көрермендер жұлдыз образына аса сеніңкіремеді.

Үшінші орын «Смолфут» анимациялық картинасына бұйырды, ол кассаны 87 469 140 теңгеге тотырды. Таспа сюжеті Серджо Паблос туындысына негізделген. Мультфильмнің компьютерлі графикасын Sony Pictures Imageworks компаниясы жасады.

«Қорқыныштар 2: Мазасыз Хэллоуин» бокс-офисы 40 429 909 теңгені құрады. Фильм 2015 жылы жарыққа шыққан аттас картинаның сиквелі болып табылады. Бірінші бөлімнің режиссері Роб Леттерман екінші бөлімді түсіруден бас тартты, оның орнын Эри Санделу басты.

«Қорқыныштар 2: Мазасыз Хэллоуин» фильмінен көрініс
«Қорқыныштар 2: Мазасыз Хэллоуин» фильмінен көрініс

«Хантер киллер» өткен демалыста 24 373 440 теңге жинады. Атыс-шабыс фильмі Микаэл Нюквистің соңғы жұмыстарының бірі болып табылады. Режиссер 2017 жылы жазда қайтыс болды. Таспа композиторы Доминик Льюис болуы тиіс еді, бірақ Тревор Моррис болды.

«Репродукция» кассаны 23 921 700 теңгеге толтырды. Фильмнің негізгі көріністері 2016 жылы жазда Пуэрто-Рикода түсірілді. Фильм бюджеті 30 млн долларды құрады. Режиссері - Джеффри Начманофф.

«Хантер киллер» фильмінен көрініс
«Хантер киллер» фильмінен көрініс

«Ұлы дала комедиясы» комедиясы өткен демалыста 20 158 000 теңге көлемінде пайда тапты. Дархан Сәркенов үшін бұл режиссер ретіндегі екінші толық метрі. Аталмыш картинада актер ретінде Төреғали Төреәлі дебют жасап, өзін ойнады.

«Веном» айналымның бесінші аптасында тағы 14 977 396 теңге жинады. Бұрын Веном рөліне актерлар Финн Уиттрок, Мэтт Смит, Педро Паскаль және Маттиас Шонартс үміткер болған. Фильмнің екінші трейлері YouTube-та 64,3 миллион көрсетілімге ие болды.

«Хэллоуин» картинасының жинағы 6 582 800 теңгені құрады. Фильм продюсер Джейсон Блум үшін бірінші ірі жоба болып табылады. Картинаның әлемдік айналымға шығу күні Майкл Майерстің туған күні – 19 қазанмен тұспа-тұс келді.

«Супербобровтар. Халықтық кек алушылар» фильмінен көрініс
«Супербобровтар. Халықтық кек алушылар» фильмінен көрініс

«Супербобровтар. Халықтық кек алушылар» айналымның екінші аптасында кірісін 5 441 646 теңгеге арттырды. Таспа 2016 жылы жарыққа шыққан аттас картинаның сиквелі болып табылады. Комедия режиссері – Дмитрий Дьяченко, ол «Париждегі ас үй», «Ерлер не жайлы әңгімелеседі екен» фильмдерін түсірген.

Осы аптаның аутсайдерлері: «Жеңілген жер» - 3 624 78 теңге, «Махаббат» кафесі» - 2 831 400 теңге және Qarakoz - 1 302 350 теңге.

 

Кесте кинотеатрлар афишасында қол жетімді.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер

Жерар Депардье

Актер