Алматы маңында «Ауыл КЭМП» жастар комедиясының түсірілімі өтіп жатыр

«Ананы іздеу» фильмі арқылы жақсы таныс Қырғызстан режиссері Руслан Акун «Ауыл КЭМП» комедиясының түсірілімін бастады. Алматы облысында орналасқан бейнелі ауылдың бірі фильм түсірілімінің алаңына айналды. Қоюшының жаңа жобасына Astana Film Fund қолдау білдірді.
«Ауыл КЭМП» фильмі жеке істерін бастауды ұйғарған үш студент дос жайлы баяндайды. Олар қалалық балаларға арнап ұлттық дәстүр мен ауыл өмірімен таныса алатын этнолагерь ашуды жөн санайды. Лагерьде алғашқы қонақтар пайда болғанда, кейіпкерлер көптеген шиеленісті, тіпті қауіпті жағдайларға тап болады. Жігіттер бастарына түскен қиындықты еңсере ала ма?
.jpg)
Жас кәсіпкерлерді Еламан Есентаев («Бақсы дуасы»), Мейірғат Амангелдин («Қазақ хандығы») және вайнер Бека Елеусізов сомдайды. Сондай-ақ, түсірілімге жас актерлар Ермұрат Меңтаев, Дәулет Нағашыбек, Мағжан Хамит, Ясмин Нұрмақова және т.б. қатысты.
Фильм сценарийін Бақыт Осмонканов, Жениш Майрамбек уулу және Әлішер Утев жазды. Комедиялық таспаның продюсерлері - Эрнар Құрмашев пен Нұрбек Айбашев. Жобаның атқарушы продюсері - Серік Әбішев.
Күлкілі әрі сабақ боларлық картинаны көрермендер алдағы қыста тамашалай алады.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін