Театр өнеріне жақын
Алматы мен Астана кинотеатрларында «Theatre HD жазғы фестивалі» өтуде. Шара аясында театр және опера спектакльдері көрсетіледі. Сонымен көрермендер Лондонның Корольдік Ұлттық театрының, «Глобус» Шекспир театрының, Корольдік Шекспир компаниясының (Стратфорд-на-Эйвон), Нью-Йорктегі опера метрополитені және Мәскеудің Үлкен театырның үздік спектакльдерін тамашалай алады.

Кеннет Бранның «Ромео мен Джульетта» қойылымы
«Theatre HD» фестивалі қыркүйекке дейін жалғасады, Қазақстанның, Беларусияның, Ресейдің,Украинаның 60 қаласының кинотеатрларында қойылады. Маусымның негізгі оқиғасы Уильям Шекспирдің «Ромео и Джульетта» атты өміршең шығармасы, қоюшы-режиссері Кеннет Бран.
Қазақстанда көрсетілім Kinopark 11 Esentai Mall (Алматы) және Kinopark 8 Сарыарка (Астана) кинозалдарында өтеді. Көрсетілім кестесі Kinopark кинотеатрлар желісінің ресми сайтында жарияланады. Кіру ақылы.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін