È

«Бойжеткен»

«Бойжеткен»

Түсірілім тоды жасақталды. Фильмнің режиссері және продюсері Абдель Фифтибаев, екінші режиссер – Айдос Нұрболатов, жоба сценаристі – Абдель Фифтибаев, Айдос Нұрболатов және Асқар Қондыбаев, компазиторы мен дыбыс режиссеры Александр Влазнев, режиссердың ассистенті – Әліби Амантай.

«Әркез қазақстандық фильмдерді көрген сайын біз сонау 90-жылдарда қалып қойғандай сезінемін, алға жылжығмыз келмейтіндей. Біз өзімізге өзміз шектеу қойып алғанбыз. Әлемде бюджеті аз болса да, мазмұны, тереңдігі жағынан миллиондаған қаржыға түсірілген жобалардан еш кем түспейтін көптеген жақсы картиналар бар», дейді режиссер.

Абдельдің ойынша, бүгінде көрермендер сапасы төмен коммерциялық фильмдерді көріп жүр, бұл дегеніміз фильм жасаушылардың көрерменді сыйламауы.

«Сын айту оңай дейтін боларсыз? Иә, бірақ біріншіден, менің сыным басқа да киношылардың ойымен бір жерден шығады. Ал бұл дегеніміз мәселе бар деген сөз. Екіншіден, «Сын айттың ба, өзің ұсын» деген сөз бар. Сондықтан біз көп ойландық, бағаладық, іздендік, талқыладық, жаңаша дүние ұсыну үшін оқыдық. Біздің көздеген мақсатымыз – өзіміз ұялмайтындай қызық әрі сапалы фильм түсіру», деп жалғастырды Абдель.

Өткен жылы бұл топ «Еуропадан махаббатпен» деген жоба шығарған болатын. (Алматыдан Амстердамға дейін автотур). Бұл жобаны қазақстандық және ресейлік серіктестер қолдады.

Қазір түсірілімге дайындық жұмыстары жүріп жатыр, топқа қосымша адамдар алынуда, кастингтер өткізілуде, серіктестер мен демеушілер де қарастырылып жатыр. Картина авторлары басты рөлге және қосымша рөлдерге жаңа, дарынды актерлерді іздестіруде.

Жобаға Kinostartup.kz. сайты арқылы қаржылай қолдау білдіруге болады. Жастарға арналған мелодраманың ұраны қарапайым ғана: «Алматы, Махаббат, Рок-и-Ролл» туралы кино» Түсірілім Алматыда және Парижде өтеді.

Топтың жарыққа шығып үлгерген жобалары: «Алматыдан махаббатпен» және «306-ға бұрылыс» атты қысқаметражды фильмдер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

22 Апреля, 2016

Елбасы туралы фильмнің постері жарияланды

«Так сложились звезды» деп аталатын фильмнің постер жарияланды: Картинаның режиссеры Сергей Снежкин. Креативті продсері Фархат Абдраимов.  Отандық тарихи кинолента келесі аптада, 28 сәуірде прокатқа шығады.

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер