È

«Көлемді сегіздік» 2018 жылы екі фильм түсіреді

«Көлемді сегіздік» 2018 жылы екі фильм түсіреді

Осы жылы «Көлемді сегіздік» командасы «Үйленгендер» фильмінен бөлек екі комедиялық картина түсіреді. Жаңа таспалардың бас продюсерлері Сәбит Рахымбаев, Әуез Әуезов, Әзім Саидбаев және Дәуіт Шайхысламов болмақ.

«Біз осы жылы толық метрге ауысуды ұйғардық. Былтырғы жылы біз сценарист ретінде жұмыс істеген «Қазақша кәсіп Америкада» және «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмдері сәтті шықты. Сондықтан, біз кино саласында сценарист ретінде ғана емес, продюсер және актер ретінде де жұмыс істеуге шешім қабылдадық. Біз 2018 жылы «Ессіз құдалық» және «Сәкен Ғабидоллаұлы хайпта» атты фильмдерді түсіруді жоспарлап отырмыз», - деді Сәбит Рахымбаев.

 «Үйленгендер» хикаясының түсірілімінен көрініс
«Үйленгендер» хикаясының түсірілімінен көрініс

Картина сюжеті зейнеткерлікке шыққан жалғызбасты ер адамның оқиғасын баяндайды. Оның ішкі дүниесі жас және ол жұмыс істегісі келеді, бірақ жасына байланысты оны еш жерге жұмысқа қабылдамайды, себебі, қазір жастарды жұмысқа қабылдау сәнге айналды. Бір күні оған көрші тұратын бала ғаламтор арқылы ақша табатын адамдар жайлы айтып береді. Осылайша, екеуі танымал адамға айналып, соның есебінен тегін тамақтанып, киініп, демалады. Сәкен Ғабидоллаұлы Instagram, YouTube, Facebook-ты үйрене бастайды, жаңа техниканы меңгеріп, барлығын дүрліктіре бастайды.

Продюсерлер қазіргі таңда Сәкен Ғабидоллаұлын кімнің сомдайтынын ойластырып жатыр. Оларда сценарийге қатысты екі түрлі нұсқа бар: кейіпкерді егде тартқан актер ойнайды немесе гриммен әрленген жас актер сомдайды.

Айта кету керек, сценаристер екі картинаны бірден немесе әзірге біреуін ғана шығару жайлы ойластыруда. Қабылдаған шешімдері жайлы кейінірек хабарлайтын болады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

18 наурыз 2018, 22:22

Удачи!

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер