È

Бәрі керемет, тамаша болды!

Бәрі керемет, тамаша болды!

Басты рөлдердің бірінде қазақстандық актер Төлепберген Байсақалов ойнады. Бұл актер «Молитва Лэйлы», "Рэкетир" және «Снайпер-2.Тунгус» фильмдері арқылы көпшілікке танымал.

Бұрын актер Нұртас Адамбайды «Кеоинка Сабина-2» фильмінің шығуымен шын жүректен құттықтаған еді, енді міне, онымен бір түсірілім алаңында жұмыс істеп те үлгерді. Төлепберген Тұрсынұлы бірінші реет жас режиссермен жұмыс істеп тұрғанын айтты.

«Шынымды айтайын, мен Нұртасты нағыз кәсіби режиссер ретінде қабылдадым. Ол бұрын комедиялық жанрдағы жобалармен айналысатын, енді міне, криминалдық драма да түсіріп көрді. Аздап бағытын өзгертті, енді экран бәрін көрсетеді. Алдын ала ештеңе айта алмаймыз ғой», – деді актер.Сондай-ақ Байсақалов екі актерды: Асан Мәжитов пен Еркебұлан Дайыровты ерекше атап өтті.

«Мен мұндай жас актерлермен бірінші реет бірге жұмыс істедім. Олар өте жақсы, дарынды жігіттер. Меніңше актерлық құрам мықты болды. Бәрі керемет, тамаша болды!», – дейді Төлепберген.

Режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай да өзінің фильмді түсіру кезінде алған әсерімен бөлісті: «Комедиядан кейін басқа жанрда фильм түсіру өте қызық болды. Режиссер ретінде әлі де үйренетіміз көп екенін, алға ұмтылыс керек екенін түсіндім. Актер ретінде Асан Мәжит, Төлепберген Байсақалов және Еркебұлан Дайыров секілді мықты актерлермен бірге фильмге түскенде қобалжыдым».

 

Кинолентадағы басты кейіпкерлердің обарыз әзірге құпия. Бір белгілісі, фильм үш достың үлкен бір бәлеге кездейсоқ ұрынуы туралы. «Тараз» криминалдық драмасы экранға жылдың соңында шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса