È

Брендтік мүсіншені жасауға арналған байқаудың қорытындысы

Брендтік мүсіншені жасауға арналған байқаудың қорытындысы

Шығармашылық байқау шарттарына орай жеңімпазға 100 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалған.

Сонымен байқауға 10 мүсін қатысты. Авторлар түрлі материалдардан және түрлі техникамен жасалған жұмыстарын ұсынды. Байқауға қатысушылардың мақсаты қысқаметражды кино түсіруді енді бастаған, болашақта үлкен киноға қадам жасайтын режиссерлер арасында өткізілетін «Байқоңыр» деп аталатын байқаудың мағынасын білдіретін ерекше мүсінше жасау болатын.

Байқауға қатысқан жұмыстардың әрқайсысы өзінше қызық, өзінше мағыналы болғандықтан арасынан жеңімпазды анықтау қиынға соқты. Сондықтан белгілі бір мүсінге дауыс беру үшін редакцияға қазақстандық кинемотографтың қайраткерлері де шақырылды.

Бүгін біз төрешілердің бір ауыздан келіскен шешіміне орай таңдалған мүсіннің авторын қуанышпен жариялаймыз. Бірінші Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кино байқауының брендті мүсінінің авторы Орынхан Рахымбеков, оның жұмысы «Алғашқы қадам» деп аталады. Жеңімпазды құттықтаймыз!

Барлық қатысушыларды 12 мамыр күні «Бролвейдің» редакциясына марапаттау салтанатына шақырамыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер