ҚБТУ киноклубында «Соңғы аялдама»
Картина сонау 1990 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданында түсірілген. Фильмнің түсірілім жұмыстарына бұрын тек көрермен болған, киноға еш қатысы жоқ жегілікті тұрғындар да атсалысқан.

Еркен әскерден өз ауылы Ақсуатқа оралады Уақыт өте келе ол ауыл тұрғындарының тұрмысы өзі әскерде жүргенде армандағанындай емес екеніне көзі жете түседі. Тұрғындар орынсыз ішеді, қалай болса солай өмір сүреді. Туған жерінде уақыт тоқтап қалғандай, бұдан құтылудың жолы басқа жаққа кетіп қалып, ешқашан қайта оралмау екенін түсінеді.
Фильмде Сәбит Құрманбеков, Мұрат Ахмадиев, Бақытжан Әлписов, Нағымбек Самаевтар ойнайды. Лентаның қоюшы операторы Мұрат Нұғманов
Драманы 29 сәуір күні ҚБТУ-дың дөңгелек залында көруге болады, кіру тегін. Алайда ұйымдастырушылар көрермендерге жеке куәілігімен ертерек еліп, алдын ала жазылуларын өтінеді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін