È

Мартин Скорсезенің «Ирландық» фильмінің бюджеті 140 миллион долларға дейін көбеймек

Мартин Скорсезенің «Ирландық» фильмінің бюджеті 140 миллион долларға дейін көбеймек

Мартин Скорсезенің «Ирландық» фильмінің бюджеті 140 миллион долларға дейін көбеймек. Ұзынқұлақтың айтуы бойынша, ол әлі де өсе береді. Танымал режиссердің бұл фильмі 2018 жылы шығады деп жоспарлануда. Бірақ, киномандар әлі де ерекше қызығушылық танытып, «Ирландықты» «ең көп күтіліп жатқан фильм» тізіміне енгізіп қойған. Netflix арнасы маусымның ең қызу кезеңі – 2018 жылы желтоқсанда тұсауын кесетін шығар. Бірақ, барлық мағынасы жағынан күрделі болып келетін фильмнің тұсаукесері кейінірек шығуы мүмкін.

«Ирландық» - гангстерлік фильм, туындыда Скорсезе мен Роберт Де Ниро бас қосады. Танымал режиссер мен белгілі актерден құралған жұп – кино тарихындағы ең маңызды шығармашылық одақ. Дегенмен, Де Ниро мен Скорсезе екеуі 1995 жылғы классика «Ойынхана» фильмінен кейін бірігіп жұмыс істемеген болатын. Қызығушылығыңыз басылмаса, тағы да қоса кетейік, Харви Кейтель («Ессіз төбеттер», «Таксист»), Аль Пачино («Кіндік әке», «Әйел иісі») және Джо Пеши («Бір күні Америкада», «Үйде жалғыз») – таспаның актерлік құрамының бір бөлігі.

Алайда, «Ирландық» - өндірісте күрделі фильм, бюджеті өте қомақты болайын деп тұр - 100 миллион доллардан асады. Бір де бір студия мұндай үлкен қаржы бөлгісі келмеді, дегенмен Netflix қызметі өз атағын шығару үшін «белді фильмді» қаржыландыруға білек сыбанып кірісе кетті. Гангстерлік фильмнің құны неліктен осыншалықты жоғары? Скорсезе мен түсірілім тобының техникалық құрамы фильмді көркемдеу үшін кейбір танымал актерларды экранда жасартып көрсетеді, ал бұл дүние айтарлықтай шығынды қажет етеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер