È

«Шимай дәптер»: ресейлік фантастикалық фильмнің жаңа көріністері мен трейлері

 «Шимай дәптер»: ресейлік фантастикалық фильмнің жаңа көріністері мен трейлері

«Жаңа адамдар» студиясы режиссёр Сергей Мокрицкийдің («Севастополь үшін шайқас») «Шимай дәптер» фэнтезиінің жаңа трейлерін ұсынды. Таспа «Күндізгі барлау» мен «Түнгі барлау» сценарийлерінің авторы, танымал фантаст жазушы Сергей Лукьяненко романының экрандауы болып табылады. Картинаның бас продюсері - Наталья Мокрицкая.

«Шимай дәптердің» ресми синопсисіне сәйкес, жас мәскеулік Кирилл – компьютер ойындарының дарынды дизайнері. Бір күні ол өзі жақсы көрген әрі білген адамдардың есінен шығып, түбегейлі ұмытылып қалады. Кирилл маңызды әрі құпия тапсырма үшін таңдалғанын сезеді. Оның мақсаты – Жер жүзіндегі параллель әлемнің арасын жалғаушы болу. Кирилл сол жұмбақ әлемдерді кім және не үшін басқарып отырғанын біле ала ма?

«Шимай дәптер» фантастикалық фильмдегі рөлдерді Никита Волков («Аяз ата. Сиқыршылар шайқасы», «Екі әйел»), Евгений Ткачук («Өлке»), Юлия Пересильд («Севастополь» үшін шайқас, «Өлке»), Ольга Боровская, Евгений Цыганов («Брест қамалы»), Ирина Хакамада («Бақытты өмірдің қысқаша курсы»), Северия Янушаускайте («Жұлдыз»), Андрей Мерзликин («Әңгімелер», «Брест қамалы»), Дмитрий Хрусталев, Ян Гэ («Серіктес») сомдады.

«Шимай дәптер» қазақстандық ауқымды айналымға Meloman Entertainment компаниясының топтамасында 25 мамырдан бастап шықпақ.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер