È

Ар-намыс бәрінен биік

Ар-намыс бәрінен биік

Қарағанды облысында Қазақстан полициясы күніне орай «Честь имею» атты қысқа метрлі лента түсірілді, деп хабарлайды облыстың ІІД баспасөз қызметі.

Сюжет пара алуға итермеленген тергеуші туралы. Сценарий бойынша, тергеушінің басында материалдық және отбасылық қиындықтар туындайды, бұл мәселелер бірнеше купюрамен-ақ шешілер еді. Алайда, заңға адал қызмет етуші ретінде кейіпкер сыйлықтардан бас тартады.

Тергеушінің рөлінде облыстық ІІД криминалисті Медет Сүлейменов. Режиссер және сценаристі ІІД музейінің директоры Айтжамал Айтжанова. Операторы Батырхан Смаилов. Түсірілімге мұрындық болған - Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі.

Авторлардың айтуынша, бұл жемқорлықпен күрестің бір жолы және погон тағуға дайық қызметкерлерді насихаттау.

 

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер