È

«Қара Ілбісін»: мифтік әлемнің құрылуы. 4 бөлім

«Қара Ілбісін»: мифтік әлемнің құрылуы. 4 бөлім

Түсірілімі АҚШ-тың Джорджия штаты, Атлант қаласында Pinewood студиясында және Оңтүстік Корея, Пусан қаласында өткен «Қара Ілбісін» фильмі 2017 жылдың қаңтарында басталып, 2017 жылы 20 сәуірде аяқталған болатын. Ваканд әлемі кинематографшылар үшін өте қызық. Marvel мифологиясында Вакандтың кедей әлемі негізінде бағалы металл вибраниумның отаны болып табылады, соның арқасында басқа әлемдерден жасырын түрде жоғары технологияларды дамытып, байлық пен билікке қол жеткізді. Көпшілікке Ваканд мемлекеті артта қалып қойғандай болып көрінгенімен, бұл жақта футуристік-утопиялық держава орнаған, африкандық көне дәстүрлерді сақтап қала білген.

Ваканд декорацияларының көпшілігі Атлант студиясындағы павильондарда орнатылған, оның ішінде тайпалар кеңесі, Ваканд дизайн орталығы, зерттеу шіркеуі және Шури ханшайымның өнімі, жер астындағы көне зал, ең жарқын декорация – Ваканд дәстүрлерін құрметтеушілердің жүрегіне айналған жауынгерлер сарқырамасы. Ваканд әлемінің келесі кезеңін қайта жандандыруға костюм бойынша тәжірибелі суретші Руфь Картер айналысты, ол пластикалық грим мен макияж шебері Джоэл Харлоумен бірге Ваканд халқының рухын тамаша бейнелей білді.

Қорыта келе, режиссёр Райан Куглер былай дейді: «Мұндай тамаша оқиғаны, кейіпкерлерді үлкен экранға алып шығу, Қара Ілбісінді қарапайым адам ретінде сипаттайтын мінез-құлықты сақтап қалу идеясының өзі әсерлі. Мен халықпен Қара Ілбісін хикаясымен тезірек бөліскім келеді, олардың бұл туындыны қалай қабылдайтыны маған қызық. Әсіресе, фильмнің жас аудиторияға қалай әсер ететіні қызық болып тұр. Себебі, өзім бала күнімнен бері осы кейіпкерге қатысты комикстердің барлығына қызығатын едім».

«Қара Ілбісін» Қазақстандағы айналымға 26 ақпанда шығады.

Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы Meloman Entertainment компаниясы болып табылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер