È

Clique Fest еуропалық кино апталығын өткізбек

Clique Fest еуропалық кино апталығын өткізбек

Clique Fest фестивалінің ұйымдастырушылары EUNIC Almaty Еуропалық мәдениет институттарының қоғамдастығымен бірлесе отырып, еуропалық кино апталығын өткізеді. Көрсетілім Алматыдағы «Арман» киноорталығында 2018 жылдың 24-27 мамыр аралығында өтеді.

Еуропалық кино апталығының бағдарламасы туралы EUNIC Almaty президенті Джим Буттери айтып берді. Оның сөзінше, алматылықтарды және қала қонақтарын тұсаукесер фильмдер фестивалі күтіп тұр.

«Апталық аясында бұған дейін Қазақстанда ұсынылмаған фильмдер көрсетілетін болады. Бұл Еуропаның жас режиссерларының еуропалық киноға қосқан ең үздік әрі жаңа туындылары. Бұл картиналар Канн, Берлинале және Сандэнс фестивальдерінде жүлделерді иеленген болатын»,-деп атап өтті Джим Буттери.

 «Күнді шығар» фильмінен көрініс «Күнді шығар» фильмінен көрініс

Фестиваль аясында көрермендерге Стивен Лавридждің әнші Матханги Арулпрагасамның өмірі мен шығармашылығына бағытталған «M.I.A.» деректі фильмі, 2017 жылғы Канн фестивалінің жүлдегері Корнело Мундруцоның «Юпитер спутнигі», «Сезар» жүлдесін иеленген Клер Денидің «Күнді шығар» және Томас Стубердің «Берлинале-2018» жүлдесін иеленген «Қатарлар арасында» фильмі ұсынылмақ.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса