È

«Дамбо»: Тим Бёртонның тірі актерлармен қайта жүктеуі жобада

«Дамбо»: Тим Бёртонның тірі актерлармен қайта жүктеуі жобада

Disney студиясы режиссер Тим Бёртонның («Перегрин ханымның біртүрлі балаларының үйі», «Үлкен көздер») «Дамбо» отбасылық фэнтезиінің алғашқы тизер-трейлерін ұсынды. Бёртонның тіпті, пілдері де ұшады, әрине компьютерлі арнайы әсерлердің көмегімен. Түсірілімге 1941 жылғы аттас мультфильм шабыт сыйлаған, ол жақта цирктің үлкен құлақпен туылған кішкентай пілі туралы баяндалған. Бұл дерек нағыз цирк пілдеріне сай емес еді.

«Дамбо» ролигі уәде бергіш-ақ: «Сүйікті әңгіме сіздерді жаңа биікке көтереді». Расында, XIX ғасырда өтіп жатқан оқиға сюжеті үшін мұндай деңгейге жету қиын емес. Дэнни ДеВито («Комик», «Такса») жағдайы мүшкіл цирктің иесі Макс Медичидің рөлін сомдайды. Дәл соның циркінде осындай кекесінді жағдай орын алады. Цирк әртісі едичи Холт Фарриер (Колин Фаррелл, «Қауіпті азғыру», «Қасиетті еліктің өлімі») және балалары - Милли мен Джо – кішкентай пілге қамқорлық көрсетеді, кейін ол аренада керемет көріністер жасай бастайды.

«Дамбо» отбасылық фэнтезиі 2019 жылдың 28 наурызында айналымға шығады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер