È

Дархан Сәркенов «Екі адамдық мақала» дебютті фильмін шығармақ

Дархан Сәркенов «Екі адамдық мақала» дебютті фильмін шығармақ

2018 жылдың 30 тамызында айналымға режиссер Дархан Сәркеновтың «Екі адамдық мақала» дебютті толықметражды фильмі шығады. Alatau Film кинокомпаниясы комедияның ресми постерін ұсынды. Постер авторы - Игорь Юг.

«Екі адамдық мақаладағы» оқиға Алматыда өтеді. Жас журналист Абай ірі басылымға жұмысқа орналасады. Алайда, автордың материалдары көңілден шықпайды. Редактор үзілді-кесілді талап қояды: автор сенсация жасамаса, жұмыстан шығарылады. Көп ойланбастан, бозбала атасының белгісіз Мануш жайлы аяқталмаған мақаласын қолға алады. Бірақ, Абай қауіпті іске араласатынын сезбеген еді.

Епсіз журналисті театр және кино актері Рысқұл Қонақбаев сомдады. Бұл оның толық метрдегі дебютті рөлі болды. Басты кейіпкердің әріптесін сомдаған Малика Елхан да үлкен киноға алғаш қадам басты.

Картина түсірілімі 2016 жылдың күзінде өткен. Сонымен қатар, фильмге Еркен Губашев, Фархат Әбдірайымов, Төлепберген Байсақалов және Өзбекстанның танымал актерлары Фуркат Фазиев пен Рустам Сафаров түсті.

Еске салсақ, бұрын Дархан Сәркенов «Өгей жүрек», «Қазақ аруы», «Nya Nya аға» және «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» хикаяларына режиссерлік еткен болатын.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

22 маусым 2018, 12:23

Ура! Поздравляем!

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер