È

Дарья Александрова ажырасуының себебін айтты

Дарья Александрова ажырасу себебі жайлы

Актриса Дарья Александрова актер әрі кәсіпкер Денис Литуевпен ажырасуда. Жақында ол бір жасар қызымен бірге күйеуінің пәтерінен көшіп кетті. Дарьяның айтуы бойынша, ажырасуға бала дүниеге келгеннен кейінгі қиындықтар себеп болған, олар қиындықтармен күресе алмады.

«Неден бастарымды білмеймін. Мен – халық алдында жүрген адаммын. Сондықтан, үнемі сөздерімді абайлап айтуға, жазуға тырысамын. Дегенмен, шығармашылық жанмын ғой. Шығармашылық адамы секілді, мен барлығымен бөлісіп отырамын. Біреу үшін бұл жабайылық шығар. Мен соны жазғым келеді. Неге, не үшін екенін білмеймін. Сонда да... Мен ажырасамын деп шештім. Мен дегенде, біз солай шештік. Бір-бірімізді қатты жек көріп кетпей тұрғанда. Бала дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жыл қиын болады деп жатады. Міне, біз қиындықты еңсере алмадық. Мен кімнің дұрыс, кімнің бұрыс істегенін жазбаймын. Әркімнің өз шындығы бар. Енді көз жасы жоқ. Реніш жоқ. Болмаған дүниенің барлығы - жақсылыққа! Ажырасуды құп көрушілердің қатарында болғым келмейді, дегенмен кей жағдайда осылай болуы қажет», - деп жазды Инстаграмға актриса.

 

Сондай-ақ, Дарья Александрова ажырасуға арыз берудің оңай болмағанын айта кетті. Мұндай қадамға бару үшін уақыт пен психологтың кеңесі керек болған.

«Маған бақыт пен сәттілік тілегендердің барлығына алғыс білдіргім келеді. Менің қазір естігім келетіні де осы. Кеңес/талқылау/кінәлау/аяушылық сөздерін емес. Сіздердің «түзегенше, кете салған оңай» деген пікірілеріңізді де оқыдым. Сіздер шынымен жазбамды/ойларымды оқыған соң, мені отбасы институтына бейжай әрі жеңіл қарайды деп ойлайсыздар ма? Мен 2 рет психологқа бардым. Онымен 4-5 сағат әңгімелесіп, өзім үшін барлығын өз орнына қойдым. Мен кез-келген ЕСІ ДҰРЫС қыз ретінде мәңгілік некені қаладым. Бірақ, бұл өмір ғой. Тіпті, бұрын бақытты отбасылық қарым-қатынасымыз жайлы жазған кезде, асыра сілтемегенімді және өмірдің ғажайып екенін айтып жүрдім. Мен барлығын қабылдаймын. Алғыспен!», - деп түсіндірді актриса.

Еске салсақ, Дарья мен Денистің үйлену тойы 2016 жылдың 8 қарашасында өткен болатын. 2017 жылдың 16 шілдесінде жұптың Мия есімді қызы дүниеге келді.

 

Превью: Дарья Александрованың жеке Instagram парақшасынан

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса