È

Дәурен Айдарқұлов және Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ажырасуға қатысты ақпарат беруден бас тартты

Дәурен Айдарқұлов және Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ажырасуға қатысты ақпарат беруден бас тартты

Танымал жұп Дәурен Айдарқұлов және Ақбота-Нұр Сейтмағамбет айырылысты. Бұл туралы актриса Instagram әлеуметтік желісі арқылы хабарлады.

Еске сала кетсек, жастар «Гламур для дур» фильмінің түсірілімі кезінде кездесе бастаған. Ол кезде Айдарқұловтың әйелі Баян Әкімжанова болған және үш баласы бар еді.

Актерлар болған жағдайға қатысты жауап беруден бас тартты.

«Қайырлы күн, құрметті достар. Бүгін қанаттарым қағылғандай күй кешіп, ерекше күшке ие болдым, барлығына дайын екенімді түсіндім.

Маған берілген әр сабақ үшін, жоғарыдан келген сынақ үшін тағдырыма ризамын.

Артымнан өсек айтып, жеке өміріме араласып, түрлі болжам айтқандарға рахмет. Сіздер менің иммунитетімді күшейтіп, күш беріп, өмірге риза болуды үйреттіңіздер. Бүгін сіздерге бар сырымды бүкпесіз ашып, барлығына нүкте қоюды жөн санадым. Сіздерге бұрынғы күйеуім екеуіміздің ара-қатынасымыз қызықты еді ғой? Мен ол адамды өз еркіне жіберіп, өкпелемеуге бекіндім. Сіздер арамызда не болғанын, ол бірінші отбасынан, екінші және үшінші жанұясынан неліктен кеткенін білмейсіздер. Ол адамды мүлдем танымайсыздар. Оның істеп жүрген әрекеттері ар-ұятына қалсын. Артында 10 әйелі болса да, бақытты болсын.

Қазіргі таңда тек ұлым ғана мені алаңдатады. Аллаhқа осындай Періштем үшін мың алғыс, ұлым үшін барлығына дайынмын. Мені жалғыз қалды деп ойлап, аяудың қажеті жоқ, жанымда сүйікті інім мен жақын жандар бар...»,-деп бөліскен Сейтмағамбет өзінің Instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, неке бір жылға ғана созылған, екеуінің Ибрагим есімді ортақ ұлдары бар.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

айдар Курбан

19 қыркүйек 2017, 17:30

Я вижу что ты добрая!у меня тоже были такие проблемы!Свяжитесь вдруг помощ какая нужна чтоб забыть

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Венера Нығматулина

Актриса

Санжар Мәди

Актер