È

«Дэдпул 2»: дубляждалған трейлерде қарт Кэйбл және оның құпиялары. 1-бөлім

«Дэдпул 2»: дубляждалған трейлерде қарт Кэйбл және оның құпиялары. 1-бөлім

«Дэдпул 2» көрсетіліміне әлі бірнеше ай бар және 20th Century Fox студиясы көрермендерге уақытылы саяхат жасайтын жалданушы-киборг Кэйблмен таныстыруды жөн санады. Кэйблдің рөлін Райан Рейнольдс осы аптада 50-ші туған күнімен көңілді құттықтаған Дрош Бролин сомдады. Бролин франшизада дебют жасады және екінші трейлер толығымен оған және кейіпкеріне арналған деп айтуға болады.

Трейлер жайлы қызықты деректер:

1.Кэйблдің пүліш қонжығы

Кэйбл – кісі өлтіруге арналған машина, сондықтан оның үнемі өзімен бірге алып жүретін ескі пүліш қонжығы қатал бейнесіне келіңкіремейді. Бұл кейіпкердің сүйікті ойыншығы ғана емес деп болжам жасауға болады. Комикстерде Кэйбл Хоул Саммерс есімді жас мутант қызды құтқарады және сол мутант қыз осы уақытқа дейін саяхатшының өмірінде өте маңызды рөл атқарады, сондықтан пүлішті қонжық оған тиесілі болуы мүмкін.

2. Әділдік одағына арналған соққы

Дэдпулдың басты ерекшеліктерінің бірі – ол суперкейіпкерлер туралы басқа фильмдерді әжуалайды. Сондықтан, былтырғы «Әділдік одағын» әжуалауы орынды. Warner Bros. «Орындалмайтын тапсырма. Салдары» фильмі үшін Генри Кавеллдің өсірген мұртын сандық өңдеудің көмегімен алып тастады. Бірақ, кейбір көріністерде Суперменнің жоғары ерні шынымен де қызық көрінеді. Дэдпулдың пікірі: «Неге арнайы эффектіні аяқтамады? Темір қол қайда? Бұл жасыратын мұрт емес қой».

3. «Ойыншықтар тарихына» пародия

Трейлерде Кэйблдың қолындағы арнайы эффектінің дайын болмағанын Дэдпулдың көретін сахнасы бар. Сол сәтте ол фильмді ілгерілету жұмыстарын өз мойнына алады. Көптеген көрермендер оның кішкентай диорамынан «Ойыншықтардың тарихының» тікелей сілтемесін көре алады. Шын мәнісінде мұның бәрі күрделі пародия. Мысалы, Кэйблдың мультфильмдегі дәл Картоп бас мырзаныкі сияқты бір ғана көзі бар. Сондай-ақ, Дэдпул Вудидің «Кеттік!» деген ұранын айтады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер