È

«Дешт-и-Кыпчак. Тайные знаки» Ресейде ХКФ көзге түсті

«Дешт-и-Кыпчак. Тайные знаки» Ресейде ХКФ көзге түсті

«Дешт-и-Кыпчак. Тайные знаки» деректі фильмі«Мир знаний» XI Халықаралық ғылыми-танымдық және білім фильмдерінің фестивалінде Орыс географиялық қауымдастығының арнайы жүлдесімен марапатталды. Байқау 31 қазан мен 4 қараша аралығында Санкт-Петербургте өтті.

«Дешт-и-Кыпчак. Тайные знаки» фильмі қыпшақ тайпасының жазба және рухани ескерткіштері жайлы.

Екі сериядан тұратын картина Мәдениет және спорт минисрлігінің қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясының базасында түсірілді. Сценарий авторы және режиссеры Бақыт Қаирбеков, жобаның екінші режиссеры - Алексей Каменский.

«Мир знаний» XI кинофестивалі физика, география, астрономия, медициня, тарих және лингвистика салалары бойынша ғылыми-танымдық тақырыпқа арналған ерекше фильмдерді жинап, марапаттайды. Ьайқау ұйымдастырушылары - М. Горький атындағы киностудия, РФ Мәдениет министрлігі мен Санкт-Петербург Мәдениет комитеті.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер