È

«Өрмекші торына түсіп қалған қыз»: Клер Фой заманауи қауіпті әйелді сомдайды

«Өрмекші торына түсіп қалған қыз»: Клер Фой заманауи қауіпті әйелді сомдайды

Sony және MGM студиялары режиссер Федерико Альварестің («Тыныс алма», «Қаһарлы өлгендер: Қара кітап») «Өрмекші торына түсіп қалған қыз» қылмыстық триллерінің алғашқы тизер-трейлерін ұсынды. Клер Фой («Өзін-өзі ұстай алмайды», «Тәж» хикаясы) бұл таспада швед жазушысы Стиг Ларссон жазған заманауи қауіпті әйел Лисбет Саландерді сомдайды. Бұрын Ларссон кітабының шведтік экранды бейімдеуінде компьютер хакері және жалғызбасты кек алушы Саландер рөлін Руни Мара («Денесіне айдаһар бейнесін салдырған қыз») және Нуми Рапас сомдаған болатын.

«Өрмекші торына түсіп қалған қыз» ролигінде Лисбет Саландерге танымалдылық әкелген негізгі қырлар көрсетіледі, ол бұрынғыдай әйелдерді қорлайтын еркектерге қарсы шығады. Альварестің фильмі түсірілген аттас романды Ларссон қайтыс болған соң, Дэвид Лагеркранц аяқтады және 2015 жылдың екінші жартысында жарыққа шықты. Бұл кітап Швециядан шыққан авторды бүкіл әлемге танытқан «Мыңжылдық» трилогиясының жалғасы болып табылады.

Былтырғы жылдың қыркүйегінде Клер Фойдың «Өрмекші торына түсіп қалған қыз» картинасында басты рөлді сомдайтыны белгілі болған соң, режиссер Альварес былай деген еді: «Менің фильмімде әйгілі Лисбет Саландерді сомдайтын Клер жайлы жаңалыққа толқып тұрмын. Бұл актрисаның бойынша сирек кездесетін дарын бар, сол арқылы Лисбет образына жаңа дем беріп, хикаяны әсерлендіре түседі деп ойлаймын. Клер Фоймен болатын жаңа хикаяны әр елдің көрермендері көрсе екен деймін».

«Өрмекші торына түсіп қалған қыз» Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 2018 жылдың 8 қарашасында қазақстандық айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер