È

«Өрмекке ілінген қыз» фильмінің түсірілімі аяқталды

«Өрмекке ілінген қыз» фильмінің түсірілімі аяқталды

Өткен аптада «Өрмекке ілінген қыз» фильмі түсірілімінің негізгі бөлімі аяқталды. Бұл таспа – жасанды интеллект саласындағы атақты ғалымның өліміне қатысты тергеу жүргізетін хакер қыз Лисбет Саландер мен оның журналист досы Микаэль Блумквист жайлы детективті оқиғаның жалғасы.

Фильмнің режиссері ретінде хоррор жанрының жанкүйерлеріне өзінің «Қатерлі өліктер: Қара кітап» және «Деміңді шығарма» картиналарымен жақсы таныс Федерико Альварес жұмыс істеді.

Триллердегі басты рөлдерді Клер Фой («Тәж» хикаясы, «Өзін-өзі ұстай алмайды»), Сильвия Хукс («Жүзбен жүгіруші 2049»), Сверрир Гуднасон («Борг/Макинрой»), Клас Банг («Төртбұрыш»), Лейкит Стэнфилд («Көше дауысы»), Стивен Мерчант («Логан») сомдады.

Түсірілім аяқталғаннан кейін режиссер Федерико Альварес және актерлар Клер Фой, Сверрир Гуднасон, Стивен Мерчант және Лейкит Стэнфилд Стокгольмдегі арнайы фототүсірілімнен бой көрсетті.

«Өрмекке ілінген қыз» детективті триллері айналымға Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 2018 жылдың 8 қарашасынан бастап шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист