È

Ninety One туралы деректі фильм Сlique Film Festival-де көрсетіледі

Ninety One туралы деректі фильм Сlique Film Festival-де көрсетіледі

21 қараша күні Сlique Film Festival-де Ninety One тобының шығармашылығына арналған «Мен сен емес» деректі фильмінің тұсаукесерлі көрсетілімі өтеді. Картина режиссері - Катерина Суворова.

Таспа сюжеті 2016 жылғы оқиғаны баяндайды. Қазақстанның кейбір қалаларында тура сахнаға шығар алдында бұл топтың концерттері болмай қалған еді. Ninety One мүшелері сол жылдардағы естеліктерімен бөлісті.

Катерина Суворованың жеке Instagram парақшасынан
Катерина Суворованың жеке Instagram парақшасынан

«Кешегі түнге дейін осы фильммен арпалыстым. Түрлі сұрақтар қойып, шешіміме күмән келтірдім, көпшілігі біраз қарсыласты. Бірақ, кеше түнде тура әуежайға шығар алдында, мен оны жақсы көріп қалдым. Sorryi’m not sorry. Бұл фильм керемет шықты», - деп жазды Инстаграмға Катерина Суворова.

Авторлар жобамен бір жылдан аса уақыт айналысты. Топты жақтаушылар және қарсы шығушылармен, мәдениеттанушылар және өнертанушылармен келіссөздер жүргізілді. Басты сұрақ – неге қазақстандықтар Q-pop бағытына қарсы шықты?

«Себеп өте көп. Бұл оқиғалар қазақстан қоғамының ішіндегі мәдение және әлеуметтік бөліктерін ашады, қалалық және ауылдық мәдениет, дәстүр мен жаһандану, биліктің тік жағы мен жеке бостандықтың арасындағы мәселелерге байланысты», - деп қоса кетті режиссер.

Еске салсақ, 2017 жылы Асқар Ұзабаев режиссерлік еткен Ninety One фильмі ауқымды экранға шыққан болатын.

 

 

Превью: ninety one тобының жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер