567 cinema-ның «Осылай болуы мүмкін еді» деректі фильмі «Тұмар» жүлдесімен марапатталды
Астанада «Тұмар» екінші телевизиялық жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Салтанатты кештің жүргізушілері Аружан Жазылбекова және Данияр Алшынов болды.
«Үздік деректі кино» аталымын 567 cinema компаниясы түсірген «Осылай болуы мүмкін еді» картинасы жеңіп алды. Фильм режиссері - Антон Федоров, продюсері – Асқар Ұзабаев. «Осылай болуы мүмкін еді» - Нұрсұлтан Назарбаев елімізге қатысты маңызды мәселелерді шешпегенде, Қазақстанның қандай жағдайда болатыны жайлы баяндайтын хикая.
«Үздік телевизиялық хикая» жүлдесіне «Астана» арнасының «Асыл арна» мелодрамасы ие болды. Сюжетте тағдырдың түрлі сынына түсетін құрбылар бейнеленеді. Жобаның бас продюсері - Шолпан Батырбаева, режиссері – Нұрғиса Әлмұрат.
«Тұмар» тележүлдесі 2017 жылдан бері «Қазмедиа орталығымен» өткізіліп келеді. Биыл қатысуға 397 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 355 жұмыс 14 аталымға ұсынылған.
Еске сала кестек, 2017 жылы «Әйгілі қазақтардың тағдыры мен құпиялары» деректі таспалар топтамасы және «Әке» хикаясы жүлделі болған еді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін