«Анаға апарар жол» - прокаттың көш басында
Кассалық табыс жағынан өткен демалыс күндері рейтингтің көшін «Аисты». анимациясы бастады. Прокаттың екінші аптасы қанаттыларға 11 024 310 теңге табыс әкелді. Биылғы жыл отбасылық анимациялық фильмдерге бай болды. («Зверополис», «Тайная жизнь домашних животных», «Angry Birds в кино»), барлығы да белгілі бір дәрежеде табысты болды. Анимацияға деген қызығушылық артып тқрған кезде «Lego фильм» тағы бір мультфильмді түсіруге кірісті.
Жүлделі екінші орында отандық драма «Анаға апарар жол». Режиссер Ақан Сатаевтың фильмі тұсаукесерлдік аптада 7 277 950 теңге пайда түсірді. Фильмнің түсірілімі 2015 жылдың ақпанында басталған, картина қазақстанда , Әзірбайжанда, Беларусияда түсірілді. Түсірілім алаңында екі мыңдай адам еңбек етті. Картинаның бюджеті әзірге құпия. Бюджет картины пока держится в секрете.
«Великолепная семерка» үшінші орында, табысы - 3 777 500 теңге. Режиссер Антуан Фукуа атыс көріністеріне ерекше мән берген. Жетіліктің жатығуына арнайы атақты қару нұсқаушысы Телл Ридті («Дикий Запад») шақырған. Сондай-ақ әр кейіпкерге шайқасты жүргізу стилі қарастырылған. Мануэль Гарсия револьверді ұстау шеберлігін меңгерді, ал Мартин Сенсмейер садақпен атуға дағдыланды.

«Дуэлянт» фильмінен кадр
Келесі кезекте ресейлік фильм «Дуэлянт», мұның табысы 3 359 850 теңген құрады. Фильмде XIX ғасырдағы Петербург детальды түрде жасалған, түсірілімнің көп бөлігі натурада, компьютерлік графиканы қолданусыз жасалған. Columbia pictures тапсырысымен түсірілген лента қытай прокатына шығуға үмітті.
Көшбасшылар бестігін түйіндеген Джаред Хесстің «Зачинщики» криминалдық оқиғасы. Алғашқы аптада қоржынға 3 293 520 теңге салды. Авторлардың айтуынша фильм 1977 жылы болған оқиғаға негізделген. Сол кезде инкасация жүргізушісі Филлип Джонсон 17 миллион долларды қолды етіпті. Басты рөлге о баста Джим Керри ұсынылған, кейін Оуэн Уилсонға бұйырды.
Америкалық триллер «Нерв» 2 921 080 теңге жинады. Ерекше оқиғаның сценаристері Джесика Шарзер («Американская история ужасов») және дебютант Джинн Райан. басты рөлдерді орындаушылар - Эмма Робертс және Дэйв Франко - олар бұған дейін Cults тобының «Go outside» әніне түсірілген клипіне бірге түскен болатын.

«Зачинщики» фильмінен кадр
«Бриджит Джонс 3» прокаттың үшінші аптасында 2 568 340 теңге табыс тапты.Фильмнің үшінші бөлімінің сюжеті алдыңғы екі бөлім секілді Хелен Филдингтің Бриджит Джонс туралы кітабына бейімделген жоқ. Негзігі нұсқасында Бриджиттің ғашығы Марк Дарси қайтыс болады.
Екі миллионға сәл жетпеген «Жених», оның табысы 1 811 000 теңге, және «Чудо на Гудзоне» 1 542 770 теңге кассамен.
Миллионнан аздау кіріс кіргізген «Глубоководный горизонт» - 958 300 теңге, «04:29» - 610 260 теңге және «Полный расколбас» - 432 200 теңге.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін