È

«Анаға апарар жол» драмасы итальяндық көрерменге таныстырылды

«Анаға апарар жол» драмасы итальяндық көрерменге таныстырылды. Қазақстан киносы

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» тарихи таспасы итальяндық көрерменге жол тартты. Қазақстандық фильмнің гала-көрсетілімі Қазақстан елшілігінің қолдауымен Рим қаласында «Casa del cinema» кинотеатрында болды. Картина итальян тіліндегі субтитрлармен көрсетілді.

Көрсетілім алдында басты рөлді сомдаушылар Аружан Жазылбекова мен Алтынай Нөгербектің қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шетелдік көрермен киноны жылы қабылдап, жағымды пікірлер қалдырған.

Фильм Әлия Назарбаеваның қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясының және «Новый мир» продакшн» ЖШС негізінде түсірілген. Түсірілім Қазақстанда, Әзербайжан мен Беларусьта өтті. Оған 2 мыңға жуық адам қатысқан.

Еске сала кетсек, «Анаға апарар жол» Қырғыз Республикасының «Ақ ілбіріс» жүлдесіне ие болған. Картина «Орта Азиядағы үздік фильм» номинациясын жеңіп алған.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

17 апреля 2017, 15:19

Один из лучших фильмов казахстанского кинематографа за последние годы

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер