È

«Үзілмеген үміт» драмасы «Дүние жарық» кинофестивалінде Бас жүлдеге ие болды

«Үзілмеген үміт» драмасы «Дүние жарық» кинофестивалінде Бас жүлдеге ие болды

«Үзілмеген үміт» отандық фильмі Ресейдің Ярославль қаласында өткен VIII Халықаралық «Дүние жарық» жастар кинофестивалінде Бас жүлдені қанжығасына байлады. Картинаның қоюшы-режиссерлары - Серік Әбішев пен Руслан Магомадов.

«Үзілмеген үміт» - балалар үйінің бірінде болған хикая. Корей ұшағы апаттық жағдайда Қазақстан аумағында келіп қонады. Борттағы шетелдік балаларды жақын маңдағы ауылға апарып, жергілікті балалар үйіне орналастырады. Ендігі кезекте үй тұрғындары мен кішкентай қонақтар ортақ тіл табысуы тиіс.

Драма кейіпкерлерін жас актерлар Амангелді Құсайынов, Леонид Морозов, Александра Натахина және Валентина Баширова сомдады. Тіпті, Амангелді Құсайынов ойыны үшін «Үздік балалар рөлі» аталымын иемденіп, «КиноМалышок-2016» жүлдесін ұтып алған.

Түсірілімнің көп бөлігі Шығыс-Қазақстан облысында өтті. Таспа түсіріліміне қоюшы-оператор Еркінбек Пітірәлиев, қоюшы-суретші Ермек Өтегенов және композитор Қуат Шілдебаев атсалысты. Сценарийін Ираклий Квирикадзе Сергей Әзімовпен бірге жазды.

«Үзілмеген үміт» картинасы «Қазақфильм» киностудиясымен бірге Tanaris компаниясымен өндірілді.

Еске салсақ, фильмнің отандық тұсаукесері 2016 жылы қазанда болған.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер