È

«Оралман» драмасы Иран ХКФ-де «Үздік азиаттық фильм» деп танылды

«Оралман» драмасы Иран ХКФ-де «Үздік азиаттық фильм» деп танылды. Қазақстан киносы

«Оралман» көркем фильмі Халықаралық Фаджр кинофестивалінде «Үздік азиаттық фильм» жүлдесін жеңіп алды. Кинобайқау Иран астанасы Тегеранда өтті.

«Оралман» драмасын отандық режиссер Сәбит Құрманбек түсірді. Оқиға Ауғанстан аумағында тұрып жатқан қазақ отбасы туралы. Ондаған жылдардан соң Сапаркүл әкесі әсерлі қылып айтып отыратын туған жеріне қайтуды көздейді. Алайда, бұл оңай болмайды. Кейіпкерді туған жерінде жанға жайлы үйдің орнына көптеген сынақтар күтіп тұрады.

Картинадағы басты кейіпкерлерді Дулыға Ақмолда, Шынар Асқарова, Ержан Түсіпов, Есім Сегізбаев сомдады. Сценарий авторы - Нұрлан Санжар, ал фильм өндірісімен «Қазақфильм» мен «Қадам» киностудиялары айналысты.

«Оралман» кинотаспасы «Шығыс панорамасы» байқау бағдарламасы аясында көрсетілді. Оған Грузия, Испания, Қырғызстан, Ресей, Түркия және т.б. елдерден келген өкілдер қатысты.

Халықаралық Фаджр кинофестивалі 1982 жылдан бері өткізіліп келеді. Фестиваль өткізіле бастағаннан-ақ, оның байқау бағдарламасына қазақстандық режиссерлар: «Соңғы аялдама» фильмімен Серік Апрымов, «Қош бол, Гүлсары!» картинасымен Ардақ Әмірқұлов, «Студент» туындысымен Дарежан Өмірбаев, «Шал» таспасымен Ермек Турсынов және «Гармония сабақтары» драмасымен Эмир Байгазин қатысқан. 2016 жылы Қазақстан атынан Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ ағашы» ұсынылып, «Үздік азиаттық фильм» атауын иеленген болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист