Павел Чухрайдың «Суық танго» драмасы Сочидегі XXVIII Ашық ресейлік «Кинотавр» кинофестивалін ашатын болды
Павел Чухрай өзінің «Суық танго» драмасын Сочидегі XXVIII Ашық ресейлік «Кинотавр» кинофестивалінің ашылуында таныстыратын болады. Фильм фестивальді 2017 жылы 7 маусымда ашады.
Фильмнің Қазақстандағы өкілі - «Меломан» компаниясы.
Біз сіздерге «Суық танго» фильмінің алғашқы трейлерін көруге кеңес береміз.
Фильм Қазақстан кинотеатрларында 22 маусымнан бастап көрсетіледі.
Сюжет ер азаматтың таңғажайыптың көмегімен өлімнен аман қалғанын баяндайды. Ол өзі туып-өскен, бар өмірінің махаббаты тұратын үйіне оралады. Алайда, ғашығы қас жауының қызы болып шығады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін