È

Тату достар

18-21 аралығындағы кассалық табыс

Өткен аптаның көшбасшысы - «Тайная жизнь домашних животных» мультфильмі. Төртаяқтылар тек Нью-Йорк көшелерімен серуендеп қана қоймай, 13 587 900 теңге табыс тапты. Illumination Enterteintment студиясының негізін қалаушы Крис Меледандридің айтуынша басты кейіпкер Максты жасауға оны өзінің фокстерьері шабыттандырған.

«Парни со стволами» екінші орынға жайғасты, табысы 8 290 540 теңге. Режиссер Тодд Филлипс, ол «Мальчишник в Вегасе» комедиясын түсірген болатын,ол енді Гай Лоусонның «Оружие и чуваки» шығармасын экранға шығарды. Өмірде болған оқиғаға негізделген кинолентаның актерлық құрамы да ерекше: Джон Хилл («Волк с Уолл-стрит»), Брэдли Купер («Мальчишник в Вегасе») және Майлз Теллер («Дивергент»). Комедиялық боевик Филлипстің үздік жұмысы бола ала ма, мұны кассалық табыстың қортындысы көрсетеді. «Парни со стволами» әлем бойынша 22 миллион доллар пайда түсірді.

«Парни со стволами» фильмінен кадр

«Отряд самоубийц» бұл жолы мықты жігітерді басып оза алмады. Қатігездер небәрі 4 466 960 теңге. Прокаттың үшінші аптасында Warner Bros туындысы 142 миллион теңге табыс тапты.

Екінші аптада «Пит и его дракон» картинасы 2 156 150 теңге қаржы түсірді. Режиссер әрі сценарист Дэвид Лоури үшін фантастикалық лента бюджеті жоғары фильм болды. Осыдан кейін режиссер балаларға арналған «Питер Пен» драмасына кіріспек. Қазіргі кезде әлемдік пркаттан түскен қаржы 57 миллион доллар, бұл қаржы фильмнің бюджетін ақтай алмайды.

«Афера под прикрытием» фильмінен кадр

Көшбасшылар бестігін түйіндеген «Афера под прикрытием» фильмі. Брэд Фурманның криминалдық драмасы 1 161 940 теңге тапты. Фильмге негіз болған Роберт Мазурдың автобиографиялық кітабы, бұл оқиға криминалдық беделділердің арасына кіркп кеткен барлаушы туралы. Спецагентті экранда актер Брайан Крэнстон ойнайды.

Миллион табыс тапқан фильмдер: «Охотники за привидениями» - 1 071 600 теңгежәне «Ледниковый период: Столкновение неизбежно» - 1 066 880 теңге.

«Любовь и дружба» фильмінен кадр

Кассалық табыс рейтингісінде соңғы орындарда: «Диггеры» - 657 500 теңге, «Любовь и дружба» - 499 800 теңге, «К черту на рога» - 449 800 теңге және «Стартрек: Бесконечность» - 163 800 теңге.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер