È

«Жындылар жоқ»: түрмеден шығып, керемет жігітпен қалай танысуға болады

«Жындылар жоқ»: түрмеден шығып, керемет жігітпен қалай танысуға болады

Paramount студиясы режиссер әрі сценарист Тайлер Перридің («Күйгелектік», «Мэдея Хэллоуины») «Жындылар жоқ» драмалық комедиясының бірінші трейлерін ұсынды. Бұдан бұрын «Каталог» деп аталған таспаның басты жұлдызы Тиффани Хэддиш («Ғажап қыздар», «Киану») соңғы уақытта комедия актрисасы ретінде танымал бола түсуде.

«Жындылар жоқтың» сюжеті бойынша Таня (Тиффани Хэддиш) түрмеден шығады да, қайтадан аяққа тұрып, қалыпты өмірге оралуға тырысады. Ол кітап кеміргіш және оқу-білімге берілген тұйық әпкесі Дэникадан (Тика Самптер, «Майамидегі міндет», «Саутсайд сенімен бірге») көмек сұрайды. Бір-біріне қарама-қайшы жандар кейде көңілді, кейде апаттық жағдайдағы оқиғаларға тап болады. Кенеттен Таняға Дэниканың тамаша өмірі құпияға толы болып көрінеді, оның үстіне әпкесі онлайн танысу сайттарында өтірік суреттер қойып, қарым-қатынаста болып, ғаламторда өзі туралы жалған ақпарат таратады.

«Жындылар жоқ» драмалық комедиясы 2018 жылдың 2 қарашасында айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер